Қазақстанда баланың құқығы туралы заңға өзгерістер енгізіледі

1 343

Фото: pixabay.comСенат депутаттары "Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа түзетулерге сәйкес "Баланың құқықтары туралы" заңға "тәлімгерлік ұйымы" ұғымы енгізіледі.

"Баланың құқықтары туралы" заңға "тәлімгерлік ұйымы" ұғымы енгізіліп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын реттеу үшін тәлімгер болуға үміткер тұлғалардың тәлімгерлік бойынша оқудан өтуі міндетті болып белгіленеді. Сондай-ақ тәлімгерлік бойынша оқу ұйымдастыратын ұйымдардың құқықтары мен міндеттері айқындалады", – деді Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.