Кеме капитаны суға батып кетті

1 589

Фото: Павлодар облысы ТЖДПавлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


"8 мамыр күні сағат 23.25-те Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына 102 операторынан Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түсті. Оқиға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында болған. 9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр. Ертең таң атысымен сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады", – делінген хабарламада.


Кеме "Қазақстан су жолдары" РМКК-ға тиесілі болған. Болжам бойынша, кеме капитаны палуба үстінде тұрғанда өзенге құлап, батып кеткен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.