Әлеуметтік желіде Энрика есімді әйел Алматы көшесінде есінен танып құлаған ер адамға көмек көрсеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оны мүлде танымаса да, ауруханаға бірге барған. Өкінішке қарай, ер адам ауруханада көз жұмды. Ер адамның қайтыс болар алдында жақын маңдағы дүкеннен энергетикалық сусын алып ішкенін анықтаған.
«Біз таңертең Шымкент қаласынан Алматыға келдік. Өзімнің үйіме келіп, балам мен сөмкемді көліктен түсірдім. Сол жерде өзінің иесіне көмек сұрап жүргендей мазасызданған итті байқадым. Оның иесіне «итіңізді алыңызшы» деп едім, «мен ауырып тұрмын, су бересіз бе?» деп айтты. Жүрегі ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруымды сұрады. Мен үйге баламды кіргізіп, жылы су алып шығып, жедел жәрдем шақырдым. Бір емес, екі жедел жәрдем келді», - дейді ол.
«Дәрігерлер қолынан келгеннін істеді. Оған өзім куә болдым. Уақытында келген жедел жәрдем көлігі, қызметкерлер система да қойды. Амал жоқ... Негізі мен науқаспен бірге рентгенге де бардым. Дәрігерлер қойған диагнозды да білдім. Бірақ маған үйімнен хабарласып, ит қашып кеткенін айтты. Сондықтан мен үйге кеттім. Ит жоғалып кете ме деп қорықтым. Ал жігіт дәрігерлердің бақылауында болғанына сендім. Ауруханаға байланыс нөмірлерімді қалдырған едім, бірақ ешкім хабарласпады. Үйге келген соң қарбалас басталып кетті. Ал кешке маған қоңырау шалып, жігіттің қайтыс болғанын айтты. Оның не құжаты, не телефоны болмаған. Мен оның туыстарын іздестіріп, таптым. Оның денесін мәйітханаға тапсырдым. Қолымнан келген көмегімді аяған жоқпын», - дейді ол.
Ер адамды танитындар ол үнемі энергетикалық сусын ішіп жүргенін айтқан.
«Қайтыс болған жігіттің соңғы алып ішкені - Gorilla энергетикалық сусыны болған. Куәгерлердің айтуынша, ол үнемі осы энергетикалық сусынды сатып алып ішкен. Қазір көп адам осы энергетикті көп мөлшерде ішкен соң ауруханаға түсіп жатқан көрінеді. Іше берсін, бірақ Ануардың өлімінен кейін ол организмде жиналып, әсерін жүрекке беретініне көзім жетті. Оған энергетикалық сусынды сатқан адамммен де сөйлестім. Ануар ажалына жарты сағат қалғанда да осы энергетикті алған екен. Сатушының өзі де энергетикалық сусынды көп ішкен соң, жарты жыл бұрын жансақтау бөлімінде жатып шығыпты. Осы сусынды тұтынбай жүргеніне 3 ай болған. Ол тілің жұтылып, аяғың қозғалмай, алдымен терлеп сосын дірілдейсің дейді. Жүрек талмасының белгілері бар», - дейді ол.
Энергетикалық сусындар — бұл кофеині жоғары қуат беретін сусын. Көптеген адам мұндай сусынды ішкенде бойына ерекше қуат бітіп, шабыт алады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Эстония филиалының сарапшылары frontiers in Public Health журналында энергетикалық сусындарды тұтыну балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына зиянды деген зерттеу нәтижелерін жариялады.
Көмірсулардан басқа, энергитик сусынның әр құтысында кофеин бар, сондықтан сусын ішкеннен кейін жүрек соғу жиілігі жоғарылайды және қан қысымы көтеріледі. Шамадан тыс пайдалану жүрек соғысының мен жүрек жұмысының бұзылуына қауіп төндіреді.
«Бір ескеретіні, көмірқышқыл газы химикаттардың ағзаға тез әсер етуіне ықпал жасайды. Яғни газ, асқазанның қалыпты қорыту циклын бұзады да, химикаттардың зияндық әсері еселенеді. Қоспалардың кейбірі жеке өзі ағзаға жағымды болуы мүмкін, бірақ бәрі қосылып газға байытылып, «Уға» айналады. Қорыта айтқанда, адам баласы не ішіп, не жеп жүргеніне мән берместен эгосының жетегінде өмір сүрер болса, ол адам - денсаулығынан айрылып бұл дүниеде бақытсыздыққа ұшыраса, ал ахиретте денсаулық деген аманатқа қиянат жасағаны үшін сұралады», - делінген хабарламада.