Павлодар облысында бала он метр биіктіктен құлап кетті

411

Павлодар облысында иесіз қалған ғимаратта ойнап жүрген 14 жастағы бала он метр биіктіктен құлап кетті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


"9 сәуірде Қалқаман ауылында Промышленная көшесіндегі иесіз қалған ғимаратта ойнап жүрген 2008 жылы туған кәмелетке толмаған бала 10 метр биіктіктен құлап кетті", - делінген полиция хабарламасында. 


Салдарынан бала түрлі жарақаттар алып, Павлодар ауруханасына жеткізілді. 
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте ер адам атракционнан құлап кеткен еді. Оқиға Бәйдібек би көшесіндегі Жайлаукөл саябағында болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.