Қоластындағы қызметшіні қуып жүріп ұрған полицей қызметінен босатылды

414
Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция бастығының орынбасары қоластындағы қызметшіні ұрғаны үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовтің айтуынша, тәртіптік комиссия өткізіліп, Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Жақыпбаевты ішкі істер органдарының беделін түсіретін әрекет жасағаны және "ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің" нормаларын бұзғаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен шығару туралы шешім қабылданған.

Осы жағдайға байланысты, бөлім басшылары да қызметінен босатылған.

Меншікті қауіпсіздік бөлімінде бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.