Жоғалып кеткен 7 жасар қызды анасы танысымен бірге өлтірді деген күдікке ілінді
Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінгендер ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше анасы қызын өлтірді деп айыпталған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, оның құрамында Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылары бар.
17 қараша күні сағат 16.00 шамасында Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылындағы мектептің 3-сынып оқушысы, 2015 жылы туған Милана Давыдова жоғалып кеткен. Ауыл тұрғындары оны соңғы рет ауылдан бір жарым шақырым жерде көрген. Бір тәуліктен қыздың мәйіті табылған еді.