Жазушылар одағындағы рушылдық ертеден бар дүние - Жанарбек Әшімжан

441

Фото: Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек ӘшімжанПарламент Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан Қазақстан жазушылар одағындағы рушылдық мәселесі ертеден барын айтады. Кезінде одақ төрағасының орынбасары болған депутат оның себебін түсіндірді.

Жазушылар одағы төрағасының орынбасары болған депутат шығармашылық ұжымдағы рушылдықтың қай кезде пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.


Сұрауы бар арнасына сұхбат берген Мәжіліс депутаты кезінде өзі қызмет еткен шығармашылық ұжымның басшылығы туралы айтты. Жазушылар одағындағы рушылдық мәселесіне қатысты сұраққа жауап берген Жанарбек Әшімжан аталған жағдайдың ертеден басталғанына тоқталды.

"Жазушылар одағында трайбализм дейтін дүние әлімсақтан бар. Одақ қашан құрылды, сол кезбен бірге туған ұғым. Кешегі Сәкен, Ілияс аталарымыздың құрған кезінен бастап, одан бергі кезеңдердегі Дихан Әбілев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Олжас Сүлейменов, Қалдарбек Найманбаевтардан бастап одақты кімдер басқарды? Арасында жақсы пікірмен кеткен төрағалар сирек. Кеше Кеңес заманында аузынан ақ май ағып, қоғамдағы ең бай-бақуатты тұлғаларымыз жазушылар болған. Жақсы кітапқа кемінде бір көліктің құнын алды дегендей. Үй, қаламақы мәселесінде де ешқандай проблема болған емес. Сол кезеңнің өзінде біздің жазушылар одағының маңайында әр кезең бойынша дау-дамай көп", — деді Жанарбек Әшімжан.


Жанарбек Әшімжан 2008 жылдан бастап Жазушылар одағында "Қаламгер-медиа" орталығының директоры", одақ төрағасының орынбасары секілді лауазымды қызметтерді атқарған. 2018 жылы жазушылар одағынан Нұрлан Оразалин төрағалықтан босап, орнына Ұлықбек Есдәулет келген кезде Жанарбек Әшімжан да жұмысынан кеткен болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.