Сенаторлар бір күндік жалақыны зардап шеккендерге аударады

196

Фото: Абзал КалиевСенаторлар бір күндік жалақыны Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге аударады. Бұл туралы сенат төрғасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Адырна сайтына сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысының тапсырмасымен апатты ауыздықтау үшін арнайы жедел штаб құрылғаны белгілі. Үкіметке төтенше жағдай салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу және баспаналарынан айырылған азаматтарға арнап жаңа тұрғын үйлер салу жұмысын жедел бастау жөнінде тапсырма берілді. Апатпен күрес жұмыстарына парламент сенаты да өз үлесін қосады. Қостанай облысынан сайланған сенаторлар жедел штабтың жұмысына атсалысуда. Сондай-ақ сенат депутаттары зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударады»,— деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.