Қызылордалық билік жөнделген көшеден бейхабар болғаны ма?
359
Қала орталығындағы “Шұғыла” мөлтек ауданы бойында орналасқан Ғ.Мүсірепов көшесінде жол жөндеу жұмыстарынан жергілікті билік бейхабар болып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қала орталығында жергілікті билік тапсырмасымен арнайы жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ең қызығы біздің құзырлы органдардың қай көшелердің бойында жөндеу жүргізілгеніне тіпті аң-таң. Атап айтқанда, “Шұғыла” мөлтек ауданы, Ғ. Мүсірепов көшесінің тұрғындары жуырда салынған жолдың басы бар да аяғы жоқ деп наразылығын әлеуметтік желіге жариялаған болатын.
Шындығында жолдың жарты бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілгендігіне көзіміз жетті. Алайда, мердігер мекеме көлік жолын жөндеп, жаяу жүргіншілердің жолын қалпына келтірмей кеткен.
Осы орайда, әбігерге салынған тұрғындар әлеуметтік желіге жариялап, тиісті сала мамандарына мердігер мекеменің салғырттығын айтып, жүргіншілер жолын жөндеп беруін сұраған болатын.
Ал, “Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы” бөлімі Ғабит Мүсірепов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен бейхабар көрінеді.
Сала мамандарының жауабына тұрғындар аң-таң .
Ал, сала мамандары алдағы уақытта ақ-қарасын ашып, толық мағлүмат алатындығын айтып ақталуда. Сонда құзырлы мекеме қаланың қай жерінде не болып жатқанын білмегендігі ме?

Бұл көшеге бір ай бұрын асфальт төселген болатын. Ал, мына тратуардың түрін қараңыз… Бұл көше бойында үйлер мен ауруханалар орналасқан. Жаяу жүргінші жолымен жүру мүмкін болмағандықтан адамдар көлік жолымен жүруге мәжбүр. Жауапты мекеме жұмысын толы қаяқтасын,- деді Қайрат есімді қала тұрғыны.
Ал, “Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы” бөлімі Ғабит Мүсірепов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен бейхабар көрінеді.
Биыл “Шұғыла” мөлтек ауданында Бұқарбай батыр көшесінің бойында серіктестік «УАД» ЖШС жолды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ал, Мүсірепов көшесіндегі орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілмеген,- деді мекеме өкілі ресми жауабында.
Сала мамандарының жауабына тұрғындар аң-таң .
Қалай жүргізілмеді? Бұхарбай батыр көшесінен Ғ.Мүсірепов көшесі № 9 үйдің қиылысына дейін 400 метрдей асфальт төселді. Жабдық «УАД» ЖШС компаниясына тиесілі болды. Жергілікті билік не болып жатқанын білмегені қалай, - дейді №9 үй тұрғыны Асыл.