Заңсыз неке қиятын имамдарды 8 жылға дейін соттау ұсынылды
Мәжілісте депутат Мұрат Әбенов заңсыз қиылатын діни некелер тақырыбын көтерген. Депутат осындай рәсімдердің кесірінен әйелдер мен қыздардың құқығы жиі бұзылатынын айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz аақпарат агенттігі.
Мұрат Әбеновтың айтуынша, заңсыз, діни тұрғыдан қиылған неке мәжбүрлі неке мен зорлық-зомбылықты жасыру үшін қолданылады.
Енді ол жаңа Конституция қабылданғаннан кейін нормаларды қатаңдатуға мүмкіндік бар деп санайды.
Ұсыныстар қатарында заңсыз неке қиятын имамдар мен басқа тұлғаларға:
5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік енгізу;
Зорлауды аса ауыр қылмыстар санатына көшіру және ең жоғарғы жазаны 15 жылға дейін ұлғайту бар.







