Шымкентте пәтер ішінен үш адамның денесі табылды

346
Шымкентте пәтер ішінен үш адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Кеше кешкісін сағат 17:36 шамасында «103» қызметіне хабарласқан тұрғын Әл-Фараби ауданы, Ерманов көшесі бойындағы көппәтерлі үйге шақырту жасап, есікті ашу керектігін айтқан.

Оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағы арнайы құралдардың көмегімен кіре беріс есіктерді ашты. Пәтердің ішінен 1978, 1957, 1979 жылы туған үш адамның денесі табылды. Қазіргі кезде олардың қайтыс болу себептері анықталуда.

«Сот медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан мәліметте.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.