«Көлігінен қару-жарақ табылды»: Діни ағым өкілдері мен іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

1 483

Фото: ДиапазонТүркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен ІІМ-нің «Р» басқармасы және ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Олардың Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді.

Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.

– Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.
Сонымен қатар негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
2025 жылғы 2 қыркүйекте ҚР ҚК-нің 287-б. 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталды, – делінген хабарламада. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.