Үшем дүниеге келді

477
Алматыда 21 жастағы келіншек жүктілігінің 30 аптасында үшемді дүниеге әкелді - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы перинаталдық орталығының мәліметінше, ең алдымен ұл бала өмірге келген. Содан кейін бірнеше минут айырмашылығымен қарындастары жарық дүние есігін ашқан.

Сәбилердің 902 гр, 924 гр, 916 гр болған.

"Алғашқы уақыттарда нәрестелерге респираторлық көмек көрсетіліп, жаңа туған сәбилерге арналған патология бөлімінде бақылауда болды. Балалар 14 тамызда өмірге келіп, 4 қазанда үйіне шығарылды", - деді Алматы перинаталдық орталығы.

Балалардың салмағы үйіне шығарылар кезде 2 келіге дейін ұлғайған.

"Бұл біз үшін тағдырдың ғажайып тосынсыйы болды. Балаларға Мұхаммед, Әмина және Сумая деген есім бердік", - деді балалардың анасы Марал Жолдыбаева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.