Сақ қорғандарының үстінде мотожарыстар ұйымдастырылып келген

626

Талдықорған қаласы маңындағы «Қызылтас» саяжайының солтүстік-батыс жағында археологиялық ескерткіштер орналасқан. 2020 жылдың қазан айында Талдықорған қаласының солтүстік-батыс бөлігіне тас жол салынып, онда өтетін мотожарыстар Сақ қорғандарының сақталуына қауіп төндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы өзінің парақшасында жариялады.

Талдықорғанда болып жатқан сұмдық жағдай. Ата-бабаларымыз жерленген жерде, дәлірек айтқанда, сақ қорғандарының үстінде авто-мото жарыстар ұйымдастырып жүр. Биліктегілер, басқа бос жер қалмады ма,— деп жазды ол.

Осы мәселеге байланысты ЭК тілшілеріне жауапты мекеме өкілдері жауап берді.

2021 жылдың наурыз-маусым айларында "ҚазАрхеология" ЖШС осы аумақта орналасқан археологиялық қорғандарға апаттық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ "ҚазАрхеология" фирмасының қызметкерлері археологиялық жұмыстар жүргізу салдарынан бұзылған жерлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, — деп мәлімдеді Алматы облысының тарихи-мәдени орталығы.

Қазіргі уақытта Талдықорғанның солтүстік, солтүстік-батыс аумағында орналасқан Қызылтас ескерткіштері мемлекет қорғауында. Облыстық тарихи-мәдени орталықтың мәліметінше, Қызылтас маңында орналасқан археологиялық ескерткіштерде мотоциклшілердің жарыстары ұйымдастырылмайды және жарыс өтуіне тыйым салынған. Сондай-ақ, ақпарат көздерінде жарияланған материалда жарыс жолдарының бұрынғы іздері екенін атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.