Украиналық босқындар саны артты - БҰҰ
340
Соғыс басталғаннан бері Украинадан үш миллион босқын кетті. Бұл туралы БҰҰ босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Процестің ауқымы мен жылдамдығына сай, БҰҰ бұл оқиғаны Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен көші-қон дағдарысы деп атады. Сонымен қатар, Euronews мәліметінше, шетелде жүрген украиналық босқындардың жартысына жуығы - балалар.
Украиналықтардың жартысынан көбі поляк шекарасынан өтеді. БАҚ мәліметінше, Варшава мен Краковтың қалалық билігі босқындарды қабылдау мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеген. Латвияда да бұл туралы айтылды.
10 наурызда Украинадан 2,3 миллионнан аса адам кеткені туралы хабарланды.
"Бүгін тағы бір қорқынышты кезеңді еңсердік: Украинадан үш миллион босқын кетті. Соғыс тоқтауы керек. Дәл қазір", - деп жазды Филиппо Гранди.
Процестің ауқымы мен жылдамдығына сай, БҰҰ бұл оқиғаны Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен көші-қон дағдарысы деп атады. Сонымен қатар, Euronews мәліметінше, шетелде жүрген украиналық босқындардың жартысына жуығы - балалар.
"1,4 миллион бала. 36 сағат бұрын келген кейінгі мәліметтерді ескерсек, 18 күнде бір жарым миллион болған. Шамамен 73 мың (күн сайын) шығады, ал әр минут сайын 55 бала немесе әр секунд сайын бір бала кетеді", - деді ЮНИСЕФ өкілі Джеймс Элдер.