Ғалымжан Ақжігітов: Биыл Қармақшыда 916 жаңа жұмыс орындары ашылды

57

Биыл Қармақшыда 916 жаңа жұмыс орындары ашылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Елімізде әлеуметтік сала бойынша көптеген шаруалар атқарылуда. Әлеуметтік сала – бұл халықтың тұрмыс-тіршілігінің, өмір сүру қағидаты мен әлеуетінің көрсеткіші. Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдаған Жолдауында «Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданады. Өйткені мемлекет әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. 

Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын» деп айта келе тиісті ведомстволарға нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес бірқатар ілкімді жұмыстар тізбегі ауданымызда да атқарылып, жалғасын табуда. Оның ішінде Ұлттық жоба, мүмкіндігі шектеулілердің оңалту бағдарламалары, басқа да мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітовпен тілдесудің сәті түсіп еді. 

Өңірдегі жұмыссыздық пен жұмыспен қамтылу деңгейі туралы айтатын болсақ, осы жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан саны 3721 адамды құрайды. Оның ішінде Қармақшы – 2663 адам, Байқоңыр – 1058 адам. Есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны – 2188 адам. Қармақшы – 1563 адам, Байқоңыр – 625 адам. Тіркелген жұмыссыздар үлесі 5,0 пайызды құрайды. 291 адам тұрақты және уақытша жұмысқа  орналастырылды. Биылғы жылы аудан бойынша 2856 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 1916  жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жылдық жоспар  67,0 пайызға орындалды.

" 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның іске асырылу барысына келер болсақ, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 80 адамды (Қармақшы – 22, Байқоңыр қаласы – 58) оқытуға 35 113 000 теңге (Қармақшы – 9 789 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 25 324 000 теңге) қаралды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК бойынша 284 адамға 391 920 000 теңге (Қармақшы – 144 адам 198 720 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 140 адам 193 200 000 теңге) қаралды. 2023 жылдың 1 шілдесіне 112 адам 154 560 000 теңгеге қайтарымсыз грант алды," – дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітов


Жастар тәжірибесіне бойынша 320 адамға 397 440 000 теңге (Қармақшы – 191 адам 237 222 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 129 адам 160 218 000 теңге) қаралды. 2023 жылдың 23 маусымына барлығы  – 69 адам (Қармақшы – 32, Байқоңыр қаласы – 37), 43 мекемеге жолданып, Байқоңыр қаласы бойынша 7 адам аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты. 2022 жылдан 2023 жылға 142 адам (Қармақшы – 104, Байқоңыр қаласы – 38) жалғастыруда. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша 47 адам аяқтап, 12 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 110 адамға 122 958 000 теңге (Қармақшы – 64 адам 72 657 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 46 адам 50 301 000 теңге)қаралған. 2022 жылдан 2023 жылға 13 адам (Қармақшы – 5, Байқоңыр қаласы – 8) жалғастыруда. 2023 жылы 32 адам 14 мекемеге жолданды (Қармақшы – 1, Байқоңыр қаласы – 31). Байқоңыр қаласы бойынша 4 адам аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты.

Қоғамдық жұмысқа 1045 адамға 850 268 000 теңге (Қармақшы – 857 адам 694 604 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 188 адам 155 664 000 теңге) қаралды. Қоғамдық жұмысқа барлығы 1081 адам (Қармақшы – 859, Байқоңыр қаласы – 222)219 мекемеге жолданды. 96 адам жұмыстарын аяқтап (Қармақшы – 72, Байқоңыр қаласы – 24), 31 адам тұрақты жұмысқа орналасты (Қармақшы – 11, Байқоңыр қаласы – 20).

Әлеуметтік жұмыс орындарына 82 адамға 67 895 000 теңге (Қармақшы – 46 адам 38 088 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 36 адам 29 807 000 теңге) қаралды. Жоспарға сәйкес 64 адам (Қармақшы – 26, Байқоңыр қаласы – 38) 36 мекемеге жолданды. Байқоңыр қаласы бойынша 4 адам аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды.«Күміс жас» жобасына – 35 адамға 30 429 000 теңге (Қармақшы-26 адам 22 604 000 теңге, Байқоңыр қаласы-9 адам 7 825 000 теңге) қаралған. Жоспарға сәйкес 46 адам (Қармақшы-35, Байқоңыр қаласы – 11) 25 мекемеге жолданды. Байқоңыр қаласы бойынша 4 адам аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды.«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – 6 адамға 3 726 000 теңге (Қармақшы – 3 адам 1 863 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 3 адам 1 863 000 теңге) қаралды. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласы бойынша 2 мекемеге 3 адам жолданды.
«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орны» жобасына –1 адамға 652 000 теңге қаралды.«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жұмыс орны» жобасына – 2 адамға 2 070 000 теңге (Қармақшы – 1 адам 1 035 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 1 адам 1 035 000 теңге) қаралды.«Кәсіби біліктілік ваучерлері» жобасына – 8 адамға 414 000 теңге (Қармақшы – 4 адам 207 000 теңге, Байқоңыр қаласы – 4 адам 207 000 теңге) қаралды.

Аудандағы тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж  азаматтарға мемлекет тарапынан төмендегідей төлемдер төленді: атаулы әлеуметтік көмекке 2023 жылдың 1 шілдесіне 434 отбасының 2190адамына 111845,9 мың теңге тағайындалып (Байқоңыр қаласын қоса алғанда), оның 432 отбасының 2180 адамына 94981,8 мың теңге төленсе, Қармақшы ауданы бойынша (оның ішінде Байқоңыр қаласын қоса алғанда) атаулы әлеуметтік көмекке 2023 жылға республикалық бюджеттен 638080,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 127616,0 мың теңге және кепілдендірілген әлеуметтік пакет үшін 105434,0 мың теңге барлығы 871130,0 мың теңге қаржы қаралды. Ал 2023 жылдың 1 шілдесіне 291 отбасының 1-6 жас аралығындағы 644 балаға 12880,4 мың теңге әлеуметтік әлеуметтік көмек төленді. Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2023 жылға 256947,0 мың теңге қаражат қаралып, бүгінгі күнге 1599 отбасының 5406 адамына 116453,0 мың теңге төленді. Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 124 балаға 6313,5 мың теңге төленді.

Жергілікті мәслихат шешіміне сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға мерекелік күндеріне бір реттік әлеуметтік көмектер көрсету мақсатында 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 2023 жылы 69 адамға 7141,5 мың теңге, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтануға әлеуметтік 2023 жылы 24 адамға 2419,9 мың теңге; гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек 3 балаға 279,3 мың теңге; 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 1941-1945 жылдар кезеңінде тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға облыстық бюджеттен 2023 жылы 184 адамға 18400,0 мың теңге; Тәжік-Ауған соғысына қатысушы азаматтарға 2023 жылы 40 адамға 4140,0 мың теңге; Таулы Карабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 4 әскери қызметшілерге 2023 жылы 8 адамға 828,0 мың теңге; Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан 1 әскери қызметшіге 2023 жылы 1 адамға 103,5 мың теңге; Вьетнам соғысының 1 қатысушы мүгедегіне  2023 жылы 1 адамға 103,5 мың теңге; Ядролық сынақ полигонына қатысушыларына 2023 жылы 37 адамға 3829,5 мың теңге;  өмірлік қиын жағдайдын туындауына байланысты әлеуметтік көмекке 2023 жылы 2 отбасына 735,0 мың теңге; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан 2023 жылы 17 адамға 1759,5 мың теңгетағайындалып, толығымен төленді.

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша жұмысына тоқталсақ. 

"Бөлім арқылы 2023 жылдың 1 шілдесіне2382-ден астам мүгедек арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, және арнайы қызметтер бойынша қызметтер көрсетіліп отыр. Сонымен қатар 2023 жылға міндетті гигиеналық құралдарға республикалық және жергілікті бюджеттен 90783,0 мың теңге қаралып, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіліп келеді," – дейді бөлім басшысы. 


Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметінеҚармақшы ауданы бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне215 өтінім 35 адамға қызмет көрсетілді. Ал Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылы бойынша 1294 өтінім 92 адамға қызмет көрсетілді.Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімдегі үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс атқаруда. Ауданда 2023 жылдың 1 шілдесіне 28 күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлердің қарамағында 138 үйде әлеуметтік қызметке мұқтаж қызмет алушылар қамтылып, қызмет алушы балаларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер тарапынан сауықтыру жаттығулар мен өзін өзі камтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастырып өткізу, консультативтік, медициналық, және құқықтық көмек беру жұмыстары жүргізіліп тұрады.Қоғамда аяғын шалыс басқандар да өмірден өз орнын тауып, жұмысқа бейімделуі керек. Осы тұрғыда жазасын өтеп келген азаматтарды қоғамға бейімдеу, жұмыспен қамту – бөлім жұмысының бір бағыты десек болады.

2022 жылдың қараша айының 15 жұлдызында аудан әкімдігінің №149 «2023 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» қаулысымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға 1 квота және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға 7 жұмыс орынына жұмысқа орналастыру үшін квоталар бекітілді. Жоғарыда көрсетілген квотаның қосымшасына өзгерістер енгізу мақсатында, ағымдағы жылдың 3 мамырында «2023 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ауданы әкімдігінің №78 қаулысы бекітілді. 

Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға белгіленген квоталар бойынша 6 квота орындалды. Атап айтқанда: жеке кәсіпкер «Шымбергенов Дәуіржан» Бұйрабаев Нұрсұлтан жұмысшы, «Болашақ» шаруа қожалығына Тілеуов Бекболат жұмысшы, жеке кәсіпкер «Даңлыбаев Дастан» Туманов Мирамбек жұмысшы, жеке кәсіпкер «Базарбаев» Ембергенов Берік аула сыпырушы, «Даулет» ЖШС-не Асқаров Нұрбек жұмысшы және «Мир-2001» ЖШС-не жұмысшы болып жұмысқа қабылданды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған квота бойынша «АНК-Даулет» ЖШС-не Баимбетов Саулебек жұмысшы болып орналасты.2023 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар Қармақшы ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 19 адам (2 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған) тіркеуге алынды (2 азамат 2022 жылы тіркелген). Оның ішінде 13 адам тұрақты жұмысқа орналасты (оның ішінде 5-уі квота бойынша), 1 азамат жастар практикасымен жұмыс жасауда. 1 азамат есептен шығарылған. Есепті кезеңге 5 азамат (1 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған) жұмыссыздардың есебінде тұр.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 18 наурызында «Наурыз мерекесіне» орай пробация есебіндегі 2 азаматқа (Бұйрабаев Нұрсұлтан, Сейтекенов Самғат)азық-түліктей қайырымдылық көмек берілді. Байқоңыр қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 13 адам (1 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған) тіркеуге алынды (1 азамат 2022 жылы тіркелген). Оның ішінде 7 азамат тұрақты жұмысқа орналасты (оның ішінде 2-уі квота бойынша), 2 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды және 4 азамат жұмыссыздардың есебінен шығарылды (1 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған). Есепті кезеңге 2 азамат жұмыссыздар есебінде тұр.

"Мемлекет басшысы осы жылғы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында «...Бір-бірімізді жат көрмей, жақын тартып, қоғамда нақты өзгерістерге деген сенімді орнықтырамыз. Жұртымыздың күш-жігеріне, дарыны мен еңбекқорлығына сүйенеміз. Әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Біз осылайша ғана халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз...» деген еді. Осы маңызды құжатта берілген тапсырмаларға сай алда халықтың әл-ауқатын көтеруде жыл аяғына дейін 2533 жаңа жұмыс орнын ұйымдастырып, аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтуда «Бақытты отбасы» орталығын ашуды межелеп отырмыз. Сондай-ақ өңірдегі жұмыссыздардың санын азайтуда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында жұмыссыз азаматтарды жобаға қатыстыру болып табылса, әлеуметтік төлемдерге қаралған қаржыларды толығымен және сапалы игеру жұмыстарын да әрі қарай жүйелі жүзеге асыра беретін боламыз," – дейді Ғалымжан Амангелдіұлы.