Жүкті әйел патрульдік көлікте босанды

308

Фото: polisia.kzҚарасай аудандық полиция қызметкері жүкті  әйелді  патрульдік көлікте босандырып алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агнттігі.

«Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болған. Алғашқы көмек көрсетілген соң, анасы мен жаңа туған сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды», – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. 



Дәрігерлердің айтуы бойынша,  полиция қызметкері жедел көмек беру арқылы қайғылы жайттың алдын алған. Бұл оиғадан кейін жаңа туған сәбидің ата-анасы да полиция қызметкеріне алғыстарын білдірді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.