Ауылды сумен қамтуға 375 млн теңге бөлінгенімен, әкім уәдесінде тұрмаған
863
Солтүстік Қазақстан облысында ауылды сумен қамтуға 375 миллион теңге бөлінгенімен, елдімекенге әлі күнге дейін су тартылмаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Ислам Омаров қалың қардың жалғыз тіршілік көзіне айналғанын айтады. Жасы жетпістен асқан қария күн сайын ауладағы қарды пеште ерітіп ішеді. Тіпті еріген қар суын тамақ әзірлеуге де пайдаланатынын айтады. Көктем шығып, қар таусылса жұрттың жағдайы қиын болады, дейді қария.
Таза ауыз судан тарыққан кейбір тұрғындар жақын маңдағы көлден де су тасиды. Жұрт "мал ішетін суды біз де тұтынып отырмыз" деп ашулы. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті билік ауылға су тартамыз деген соң бюджеттен 375 миллион теңге бөлген дейді көпшілік. Бірақ сол жұмыстар жарты жолдан тоқтап қалғанын айтады.
Ауылға 2021 жылдан бері су тарта алмай жатқан мердігер компания өкілдері бәрін ауа райының қолайсыздығынан көреді. Айтуларынша, қыс мезгілінде жұмыстарды жүргізуде қиындық туындаған.
Ал жергілікті билік 375 миллион теңгенің 80%-ы игерілгенін, мердігер компания наурыз айының соңына дейін үйді-үйге су беруге міндеттелгенін айтады.
Тұрғындар су жүргізу жұмыстары толыққанды жүргізілмесе, прокуратураға шағымданатындарын айтты.

Ал енді қар суы, көл суы ішуге жарай ма? Өздерің ойлаңдаршы. Ішуге болмайды. Бірақ амал жоқ. Не істейміз? Осыдан ауырамыз, сырқаттанамыз. Біздің президентіміз ауылға бас бұрды. Ауылды көтереміз деп жатыр. Ал бірақ жағдай оңалып жатқан жоқ. Қимылдап жатқан әкімдер жоқ, – деді Белое ауылының тұрғыны Ислам Омаров.
Таза ауыз судан тарыққан кейбір тұрғындар жақын маңдағы көлден де су тасиды. Жұрт "мал ішетін суды біз де тұтынып отырмыз" деп ашулы. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті билік ауылға су тартамыз деген соң бюджеттен 375 миллион теңге бөлген дейді көпшілік. Бірақ сол жұмыстар жарты жолдан тоқтап қалғанын айтады.
Суды көлден шелектеп тасып ішеміз. Сусыз отыра алмаймыз. Қыста осылай қиындық көрсек, көктемде бұдан да қиын болады. Әкімдер уәдені үйіп-төгіп береді. Бірақ ешқайсысы да орындалмайды. Былтыр жазда, сосын күзде су береміз деді. Міне көктем келіп жатыр. Су әлі жоқ, – деп қосты Игорь Наумов.
Ауылға 2021 жылдан бері су тарта алмай жатқан мердігер компания өкілдері бәрін ауа райының қолайсыздығынан көреді. Айтуларынша, қыс мезгілінде жұмыстарды жүргізуде қиындық туындаған.
Біз былтыр желтоқсанда суды қосып берейік, халыққа жақсылық жасайық дедік. Бірақ ауа райы суытып, аяз көтерілген соң жұмыс тоқтап қалды. Сосын мына насос орталығын электрге қоса алмадық, – деп мәлімдеді компания өкілі Бүркітбай Бекенбаев.
Ал жергілікті билік 375 миллион теңгенің 80%-ы игерілгенін, мердігер компания наурыз айының соңына дейін үйді-үйге су беруге міндеттелгенін айтады.
Осы су құбырына жауап беретін техникалық бақылауда қателік болды. Мердігерлер де үлгере алмады. Сондықтан бізге уақытын созуға тура келді, – деді Белое ауылдық округының әкімі Әділхан Рәзиев.