Винтовка асынып көшеде жүрген оқушы тұрғындардың зәресін ұшырды

1 566

Pixabay.comПетропавлда винтовка асынып көшеде жүрген жасөспірім тұрғындардың зәресін ұшырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


19 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында полиция бөлімшесіне Петропавл көшелерінде винтовкаға ұқсас қару асынған жасөспірімнің жүргені туралы хабарлама түскен.


Санаулы минуттардан соң оқушыны полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін қолға түсірді.


Тәртіп сақшылары қаруға ұқсас зат асынып, қала көшелерінде жүрген кәмелетке толмаған оқушыны тексерді. Жасөспірімнің сөзінше, ол достарымен ойнау үшін аулаға шыққан. Қолындағы зат – бар болғаны ойыншық винтовка болып шықты.


Полиция қала тұрғындарына үрейге бой алдырмай, сақтық танытып, кез келген күмән тудыратын факт бойынша «102» нөміріне хабарласуды ескертеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.