Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр

108

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша рейтингте 11 сатыға жоғары көтеріліп, 72-орынға тұрақтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.


Рейтинг қорытындысы бойынша, Армения – 80-орында, Қырғызстан – 83-орында, Өзбекстан – 104-орында, Беларусь – 126-орында, Тәжікстан –129-орында.


"Жалпы, Қазақстандағы интернет жылдамдығы бір жылда 47,9%-ға артқан. Көрсеткіш 2022 жылдың сәуірінде секундына 20,7 мегабит болса, 2023 жылдың сәуірінде секундына 30,62 мегабитке дейін көбейген. Басқа елдермен салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай байқалады", - делінген хабарламада.


Арменияда жылдамдық секундына 26,25 мегабитті, Қырғызстанда секундына 25,83 мегабитті, Өзбекстан мен Тәжікстанда секундына 20,9 және 11,38 мегабитті құрайды.


Агенттіктің мәліметінше, Орталық Азияда 2022 жылдың соңында "Tele2 Қазақстан-да" көрсеткіш жақсы болған. Мұндағы жылдамдық – секундына 27,25 мегабит.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.