Облыс әкімінің мерейтойына шенеуніктер қызметтік көліктерімен келді

351

Ақтөбе облысы әкімінің мерейтойына аймақтағы атқа мінерлер қызметтік көліктерін тізгіндеп келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 13 мамырда өзінің 60 жылдық мерейтойын қаладағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтті. Дегенмен 2 миллион теңге жалақы алатындар үшін мұндай шаралардың сәнді жерде өткізілетіні таңқаларлық дүние емес екен.


Бір қызығы аталған мерейтойға шенеуніктер өздерінің қызметтік көліктерімен келген. Бұл туралы аймақтағы @aqtobe_sergek Instagram парақшасы жазып, суреттермен бөлісті. Тіпті қызметтік автокөлікпен келгендер арсында Ералы Тоғжановтың туған інісі - Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов та бар.


Адамдардың айтуынша, туған күнді тойлағанда тұрған ештеңе жоқ, бірақ олар шенділердің жұмыс барысынан бөлек қызметтік көлікті пайдаланғанын ерсі деп есептейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.