Базарда қасапшы болып істейтін ер адамды көшеде өлтіріп кеткен

2 313

Түркістан қаласында базарда қасапшы болып істейтін ер кісі көз жұмды. Оны көше қиылыстарының бірінде белгісіз біреу пышақтап кеткен, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметіндегілер пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті анықталғаны туралы хабарлаған.

"Марқұм болған адамның базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын екені анықталды. Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады. Күдікті сол түні ұсталды," - деді облыстық Полиция департаменті қызметкерлері.

Күдікті — Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындап отыр. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынған. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындаған. Жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.


Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.