Әзірбайжан еріктілері Шуша-Ханкенді жолын жауып тастады
327
Әзірбайжан экологтары, еріктілері Шуша-Ханкенді жолын жауып тастады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ханкенді әзірге сепаратистер қолында екенін білесіздер. Бұл жолда ресейлік бітімгерлік күштерінің әскери бекеттері бар.
Әзірбайжан наразы топтарының талаптары айқын. Әр кірген-шыққан армян көліктерін мұқият қарау керектігін сұрауда. Сонымен бірге мониторинг жүргізуді күшейту керек дейді. Экологтар Қарабақтағы қазба байлықты бітімгерлік күштері байқатпай заңсыз тасып жатыр деп дабыл ұруда, барып, тексеру керекпіз дейді. Бұған дейін ресейлік бітімгерлік күштері Ханкендідегі басқыншыларға қару-жарақ кіргізген деген ақпарат шығып, күдікке ілінген болатын. Кейін ол ақпарат не расталмады, не жоққа шығарылмады.
Ресейлік бітімгерлік күштерінің бүйрегі армяндарға бұрып тұратыны жасырын емес. 2020 жылдан бері бірнеше мәрте байқалды. Армения тыныштықты бұзса да, оны айыптамады. “Армян әскері Ханкендіден толық шығарылу керек” деген талапты жылдам орындатудың орнына созбалақтап әлі жүр.
«Бұл жағдайлар қақтығыс отын қайта тұтатуы ықтимал. Ресей наразы топқа “жылдам жолды ашыңдар” депті, ашпаса күшпен ашамыз дегендей болыпты.
Естеріңізге сала кетсек, Әзірбайжан аумағының ішінде орналасқан этникалық армяндардың сепаратистік анклавы Таулы Қарабақтың билігі 28 қыркүйекте Әзірбайжан әскерімен қақтығыста 32 солдаты қаза тапқанын мәлімдеген болатын.
Таулы Қарабақтағы жағдайға Еуропа елдері, БҰҰ, АҚШ, Қазақстан және басқа елдер назар аударды. Олар екі тарапты әскери қақтығысты қойып, диолог орнатуға шақырды.
Түркия бауырлас Әзірбайжанға ашық қолдау білдірді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 27 қыркүйекте "Армения Әзербайжанға қарсы шабуыл жасап, тағы бір рет бейбітшілік пен аймақ қауіпсіздігіне қатер төндірді" деді.
Армения премьері Пашинян әлем елдерін Түркияның қақтығысқа араласуына жол бермеуге шақырды. Ереван Әзірбайжанға қолдау ретінде әскер жіберуі мүмкін деп Түркиядан секемденеді.

Жазда тура осы оқиға болып жатқан жерге барған едім. Жолдың бергі бетінде Шуша қаласы тұр. Шуша деген жазу да осы тұста. Мұздай қаруланған әзербайжан әскері мен бірнеше бронды техника да бар. Бітімгерлік күштері жолдың арғы бетінде. Оларда ескі БТР-лар тұрған еді. Әзербайжан әскері мен ресейлік бітімгерлік күштерінің арасын 10-15 метр ғана бөліп тұр. Әзірбайжан әскерінің позициясы биіктеу орналасқан болатын ,- деп жазды өзінің Facebook парақшасында Асхат Қасенғали.