ШИЕЛІДЕГІ ЗАУЫТ ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫН ШЫҒАРУДА

315
Шиеліде 2005 жылдан бері жұмыс атқарып келген «Полихимпродукт» ЖШС 2011 жылдың 10 маусым айынан бері «Казахстанская Нефтехимическая компания Кемикал» ЖШС-ның Қызылорда филиалы ретінде қайта құрылып, түрлі көлемдегі полиэтилен құбырларын өндіруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын бұған дейін тек тау-кен өндірісіне диаметрі 90х8 мм ұзындығы 11 метр құбырлар өнімін шығарған болса, жан-жақты сұраныстың пайда болуына байланысты өз мүмкіндіктерін қайта қарап, бүгінгі күні диаметрі 195х14,5 мм-лік полиэтилендік пластмасса құбырларын көптеп шығаруды қолға алды. Сондай-ақ, сүзгілік қабілетті КДФ 118 құбырларының  бірнеше түрін  тапсырысқа сай дайындап беретін болса, ауыз су тұтынуына қажетті  тауарларды айналымға шығарды.


Сонымен қатар, зауыттың жылдық қуаттылығы – 951192 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, өндірілетін өнімнің шикізаты Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей мемлекеттерінен тасымалдануда.
Қазіргі таңда, кәсіпорында 100 адам 4 ауысыммен жұмыс істейді. 
Айта кетейік, бүгінде өлкедегі полиэтилен құбырын шығаратын зауыттың өнімдері аймақта сұранысқа ие. Оның дәлелі, 2022 жылдың 6 айында құны 1 млрд.856 млн 695 мың теңгенің құбырын өндірді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.