Мектепте 6-сынып оқушылары химиялық затпен ойнап күйіп қалды

1 478

Фото: uteka.ruПавлодардағы №37 мектептің 6-сынып оқушылары жарақат алып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Павлодарда №37 мектептің алтыншы сыныбында оқитын 7 оқушы күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде тараған деректерді өңірлік балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова растады.

Оқиға бүгін, 15 қыркүйекте болған.

"6-сыныптың жеті оқушысы қолдарының, бетінің, көздерінің күйік жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақаттар жоқ", – деді Шәкенова.

Алдын ала мәлімет бойынша балалардың жарақат алуына құбырларды тазартуға арналған құралмен ойнауы себеп болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.