"Өз бетінше дем алып, қозғала алмайды": Рингте есін жоғалтқан спортшы бір айдан соң комадан шықты

1 515

Фото: © Видеодан скринҚарағандыда жекпе-жектен кейін рингте есін жоғалтқан 18 жастағы Арслан Атымтаевтың қазіргі жағдайы туралы оның жақындары айтып берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда 14-15- ші ақпан күндері жекпе-жек (еркін ережедегі төбелес) турнирі өткен.

14- ші ақпанда Арслан екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен. Ешқандай ауыр жарақат алмаған. Келесі күні, әпкесінің мәліметінше, жекпе-жек барысында қарсыласы тыйым салынған әдісті қолданып, спортшыны басымен төмен қарай лақтырып жіберген. Осыдан кейін спортшы әрең тұрған, басын ұстап, бағдарынан жаңылған. Оның жағдайына қарамай, жаттықтырушы да, төреші де, федерация өкілдері де жекпе-жекті тоқтатпаған. Тіпті, жедел жәрдем шақырмаған.

Қарағанды емханасының дәрігерлері Арслан Мақажановқа бірнеше күрделі операция жасады. Бір айдан кейін ол комадан шыққан.

“Көзін ашады, қимылдайды, кейде оң қолын қозғайды. Дегенмен, Арсланның жалпы жағдайы әлі де ауыр болып отыр. Ол өз бетінше тамақтана алмайды, дем ала алмайды, қозғала алмайды”, – дейді жігіттің әпкесі.

Бұрын дәрігерлер оның есін жиятынына сенбеген, қазір оның көзін ашуы үлкен жетістік деп отыр. Қалпына келу және реабилитация үшін ұзақ уақыт пен бірнеше операция қажет. Қазір жақындары Арсланға тәулік бойы күтім жасап, оның Германия клиникасында реабилитация алу үшін 450 миллион теңге жинап жатыр.

Ауруханада Арсланға бастың жарақаттан кейінгі ми ішіне қан құйылуы, мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, сол жақ жартышардың жедел субдуральды гематомасы, ми ісінуі деген диагноз қойылған.

Спортшының әпкесінің айтуынша, Арслан бұл спорт түрімен 2022 жылдан бері кәсіби түрде айналысады және бұған дейін едәуір нәтижелерге қол жеткізген. Жігіттің туыстары турнир кезінде спортшылардың қауіпсіздігіне қатысты ережелер тиісті деңгейде сақталмаған деп санайды.

Полиция Қылмыстық кодекстің 114-бабы (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.