Пара алған мұғалім мен полиция қызметкері сотталды

218
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты пара алған қызметкерлердің үкімін шығарды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



2023 жылғы 2 ақпанда Алматы ауданының №2 сотында полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Н. мен колледж оқытушысы К.-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды. 2020 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың желтоқсан айына дейін Астана қаласында полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Н. бірнеше рет алаяқтық жасады және өзінің қызметтік өкілеттігіне кіретін заңсыз әрекеттері  –  жеке куәліктерін ауыстыру кезінде азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін, тұрғын үй иесінің жазбаша келісімінсіз тұрғылықты жер бойынша тіркеуді ресімдегені үшін пара алған, - делінген сот хабарламадасында.


Мұғалім өз кінәсін толық мойындаған, істеген ісіне өкінетінін жеткізген. Алайда көші-қон қызметінің қызметкері өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарды.

Сондай-ақ, сот мұғалімнің бес жас баласы бар екенін, кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін, сондай-ақ полиция қызметкерінің жүктілігін ескеріп, жазаны жеңілдеткені хабарланды.

Пара алуда және алаяқтықта Н.-ның кінәсі дәлелденуіне байланысты (366-баптың 3-бөлігі 4-тармағы, ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2,4-тармағы) сот Н. - ға пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындады, бұл – 3,3 млн теңге. Н."полиция капитаны" арнайы атағынан айырылды. К. пара бергені үшін кінәлі деп танылды (ҚК 367-бабы 3 - бөлігі 3-тармағы) және  50 еселенген пара сомасының үштен екісі мөлшерінде айыппұл салуға үкім шығарылды, бұл 500 мың теңгені құрайды, - деп атап өтті сот.

Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.