Мемлекет қаржысының 169 млн теңгесін айлығына жаратқан басшылық тергелуде

230
Геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын  "Қазгеология" компаниясының басшылығы мемлекеттік қаржыны айлықтар мен ақшалай бонустарға жұмсаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Тергеп-тексеру жұмыстары басталғаны жөнінде антикор мәлімдеді. Дерекке сүйенсек, елдегі "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған деген күдікке ілінді. Мекеме басшылығы директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз бекітілген жарғыны өрескел бұзған.

Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары және бас геолог 2017-2019 жылдар кезеңінде бөлінген қаржыдан өз жалақыларын, бонустар мен материалдық көмекті екі есеге ұлғайтқан. Осылайша 2 жыл ішінде 169 миллион теңгеден аса қаржыны жаратып отыр, - делінген агенттік ақпаратында.

Әзірге тергеу жұмыстары жалғасуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.