«Конструктор» көліктерді заңдастырудың шарты белгілі болды
572
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «конструктор» көліктердің заңдастыру шарттарын атады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ахметжановтың сөзінше, елімізде 1,5 мың “конструктор” көлік бар.Олардың бәрін бірдей заңдастырылмайды.
Құжатта көрсетілгендей, көліктің кедендік тазартудан өткені туралы мәліметі жоқ және іздеуде болмаса, оның бастапқы мемлекеттік тіркелгені үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесінімен мемлекеттік тіркеуге жол берледі.
Ол үшін азаматтардан мына құжаттар сұралады:
- өтініш берушінің көлік құралын сатып алу мән-жайлары көрсетілетін өтініші;
- ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын қарап тексеру актісі;
- техникалық байқаудың диагностикалық картасы негізінде қолдануға жол беріледі.
Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде мұндай өзгеріс Қазақстан аумағына бөлшектеп әкелініп, елде құрастырылған көліктерді заңдастыруға арналағаны айтылған.
2014 жылы жол ережесі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Сол жерде Қазақстанда ондай автокөліктердің жүруіне тыйым салынған. 2015 жылы Еуразия экономикалық одағы аясында да осындай автокөліктер қозғалысына тыйым салынды. Бірақ Президенттің тапсырмасы болғасын оны заңдастырып береміз. Бірақ оны ертең басқа біреуге сатуға тыйым саламыз, - деді министр Үкімет кулуарында.
Ахметжановтың сөзінше, елімізде 1,5 мың “конструктор” көлік бар.Олардың бәрін бірдей заңдастырылмайды.
Олардың жол қауіпсіздігіне техникалық сертификатын қараймыз. Егер қауіпсіз болса, заңдастырып береміз, - деді ІІМ басшысы.
Құжатта көрсетілгендей, көліктің кедендік тазартудан өткені туралы мәліметі жоқ және іздеуде болмаса, оның бастапқы мемлекеттік тіркелгені үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесінімен мемлекеттік тіркеуге жол берледі.
Ол үшін азаматтардан мына құжаттар сұралады:
- өтініш берушінің көлік құралын сатып алу мән-жайлары көрсетілетін өтініші;
- ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын қарап тексеру актісі;
- техникалық байқаудың диагностикалық картасы негізінде қолдануға жол беріледі.
Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде мұндай өзгеріс Қазақстан аумағына бөлшектеп әкелініп, елде құрастырылған көліктерді заңдастыруға арналағаны айтылған.
Бұл қосалқы бөлшектердің түрлері бойынша әкелінген және Қазақстан азаматтарына өткізілген автомобильдерді заңдастыру үшін қарастырылып отыр. Көлік құралдары ҚР аумағында ғана пайдалануға жатады. Мұндай көлік құралдарына қатысты меншік құқығын өзгертуге жол берілмейді. Мұндай көлік құралын тіркеу туралы куәлікте меншік құқығын өзгертуге тыйым салу, тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етіледі, - делінген қаулыда.