Дала өртін бірнеше күн сөндірген құтқарушыларға жағдай жасалмаған

1 507

Фото: ©depositphotos.comАқмола облысындағы дала өртін бірнеше күн бойы сөндірген өрт сөндірушілерге тиісті деңгейде тамақ берілмегені туралы ақпарат тараған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Айтуларынша, оларға тек бір шұжық пен бір тілім нан берілген.  Құтқарушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыруға байланысты қала әкімдігін де сынға алған. Жазбада өрт сөндірушілерге "екі шұжық пен бір тілім нан ғана берілгені", ал кейбір қызметкерлер "тек сумен қалғаны" туралы айтылған. Осыдан кейін Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті табиғи өрттерді сөндіруге шығатын қызметкерлер қажетті құрғақ азық-түлік пен ауыз сумен қамтамасыз етілетінін хабарлаған. Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Степногорск әкімдігі өртті сөндіруге қатысушыларға ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырған.

"Өртті жою жұмыстарына тартылған қызметкерлерді қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы орган ыстық тамақ, ауыз су және қойылған міндеттерді орындауға қажетті барлық жағдайды ұйымдастырды. Сонымен қатар жеке құрамға қосымша ыстық тамақ пен сусындар берілді", – деді әкімдік.

Әкімдік қабылданған шаралар төтенше жағдайды жою кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.