Семей маңында құбырдан аққан қан тұрғындарды алаңдатты

420
Семейдің жанындағы Березовский ауылында құбырдан қан аққан. Бұны байқаған ауыл тұрғыны бірден видеоға түсіріп әлеуметтік желіде жариялапты. "Қанды көл" деп тараған роликке тек семейліктер ғана емес, Шығыс Қазақстан облысы экология депатаменті, табиғатты қорғау саласының мамандары да бірден назар аударған.

Телеарнаның мәліметінше, видеоны әлеуметтік желіде жариялаған жергілікті тұрғын ауыл жанындағы үлкен құс фабрикасында сойылған құстардың қаны құбырдан далаға ағып жатқанын көрген. 

Көпшіліктің талқысына түскен видеоға құс фабрикасының бас инженері пікір білдірді. 

"Құс сою цехында "оборудование транспортировки боенских отходов" деген құбыр істен шықты. Оған екі сағаттың ішінде жөндеу жұмыстарын жасадық. Бірақ сол уақытта кішігірім қан канализация арқылы ақты", - дейді "Шығыс бройлер" ЖШС бас инженері Мақсат Әшкенов.