Басына ағаш құлап 5 жасар бала қайтыс болды
Қарағандыда 5 жасар баланың басына ағаш құлап, салдарынан ол қайтыс болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қарағанды облысы Полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растаған.
«Қарағандыда ағаш бұтасының құлауы салдарынан баланың қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Қаз
Рус






