ТАҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

1 205

Жалағаш ауданы әкімдігіТаң ауылдық округі әкімінің сайлау науқаны басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ауданға қарасты Таң ауылдық округінде 1304 халық болса, оның 761 сайлаушы. Ауылдық округте орналасқан №136 сайлау учаскесіне ең алғашқы болып келген Таң ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жалғасбай Өмірбаев өз таңдауын жасап, сайлау өз дәрежесінде өтетініне сенім білдіріп, ақ батасын берді.

Ауыл тұрғынына белсенділігі үшін арнайы сый-сияпат көрсетілді.

Ауыл ақсақалы Болатбек Жәнібеков те таңмен таласа бастау алған сайлау науқанында өз таңдауын жасауға асығып келді. 87 жасты алқымдаған ең қарт сайлаушы әр азамат ел ертеңі, береке-бірлігі мен ауыл тұрғындарының өрісті өмірі үшін дауыс беруге мүдделі екенін жеткізді. Тізгінді қай азамат ұстаса да, ең бастысы ауыл халқының игілігі үшін қызмет етуі керек екенін жасырмады.

Осынша жасқа келсе де елге ортақ науқанда төбе көрсеткен ауыл ақсақалы сайлау өз дәрежесінде өтетініне сенім білдіріп, ақ батасын берді.

Болатбек Жәнібеков зейнет жасына дейін де қоғамнан қол үзбеген. Таң ауылындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы, жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің тексеру комиссиясының мүшесі қоғамдық қызметтерін абыроймен атқарған.

Айта кетейік, Таң ауылдық округі №136 сайлау учаскесіндегі таңмен таласа басталған сайлау науқанында алғашқы дауыс берген және ең қарт сайлаушы мен белсенді сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталуда.

Сайлау учаскесінде арнайы фотозона ұйымдастырылып, өз таңдауын жасауға келген ауыл тұрғындарына ұлттық дәм ұсынылып, тіпті ұлттық ойындардан жарыс өткізілуде. Жексенбі күні болса да, ауылда тіршілік қайнап тұр. Мұның бәрі таңдықтардың береке-бірлігінің, тындырымды тірлігінің дәлелі екені даусыз.

Қазірдің өзінде №136 сайлау учаскесіндегі халықтың қарасы қалың.