Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті

772
Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде адам толы лифт шахтаға құлады. Оқыс оқиға 17 ықшамаудандағы тұрғын үй кешенінде болған - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Lada.kz сайтына сілтеме жасап.  
Тұрғындардың айтуынша, 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30 шамасында шахтаға бірінші қабаттан ішінде адамдар бар лифт құлаған.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Адамдар кабинадан бір-біріне көмектесіп шыққан.
 
"Қолында нәрестесі бар жас аналар болды, олар төтенше жағдайдан қатты шошып қалды. Бұл не деген сұмдық? Мұндай жағдай біздің үйде бірінші рет болып отырған жоқ", - дейді тұрғындар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.