Қорғаныс министрлігі: Қасақана өрт қою нұсқасы да қарастырылып жатыр

474
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасынан шыққан өрт қасақана қойылған болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармайды. Бұл туралы ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев онлайн-брифинг кезінде айтты. 

Қорғаныс министрінің сөзінше, әзірге қасақана өрт қою нұсқасы да қарастырылуда. Қазіргі уақытта төтенше жағдайға қатысты барлық нұсқа қаралып жатыр.

"Болған оқиғаның мән-жайын құрылған жедел-тергеу тобы анықтайды. Біз алдын ала болжам бойынша әртүрлі себептер болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұл қауіпсіздік талаптарын сақтамау, өздігінен тұтану немесе химиялық реакция болуы мүмкін. Сондай-ақ, қасақана өрт қою немесе диверсия нұсқасы болуы да ықтимал", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.