Қазақстанда құмшекердің орташа бағасы қанша

403
Жыл басынан бері елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 17,4 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өткен аптада және ай басынан бергі кезеңге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2 пайыз, жыл басынан бері кезеңге 17,4 пайызға өсті.

Сонымен қатар бюро 5 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасын ұсынды. Ресми дерекке сәйкес, елімізде бірінші сұрыпты ұнның 1 келісі 220 теңге тұрады. Бірақ, елордада қымбат – 264 теңге. Қазақстан бойынша құмшекердің орташа бағасы 1 келісіне 519 теңге болса, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан - 188, қарақұмықтың 1 келісі – 501, сары майдың 1 келісі – 3 256, 1 литр күнбағыс майы - 824, сиыр етінің (жауырын-төс бөлігі) 1 келісі – 2 200, тауық етінің 1 келісі – 1 138, пастерленген сүттің 1 литрі – 307, картоптың келісі – 183, сәбіз – 206, 10 дана жұмыртқа 369 теңгені құрайды.
2022 жылдың маусымында 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда инфляция 14,5 пайыз болды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.