Күйеуінің заттарын терезеден лақтырған әйел жындыханадан бірақ шықты

541

Астаналық әйел тұрғын үйдің терезесінен күйеуінің заттарын лақтырып желіні шулатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бір қызығы, заттардың арасында ауыр техника да болған. Мысалы, теледидар, шамдар және т.б.


Алдымен үйге полиция келген, олардың артынан дәрігерлер мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де келіп жеткен. 



"Қазір оны алып кететін шығар. Дәрігерлер, тіпті өрт сөндіру көлігі де келді", – дейді кадр сыртындағы әйел дауысы. 


Видеоның астына олардың көршісі пікір қалдырған. Бірақ оның әзілдеп тұрғаны немесе шын айтып тұрғаны белгісіз.

@daryaykorolkova

♬ оригинальный звук - Darya Korolkova


"Ер адам ажырасуға арыз берген. Әйелі оны басқа біреумен хат алмасқан жерінен ұстап алған. Содан кейін ол пәтерден көшіп кетті. Бір аптадан кейін заттарын алып келуге келгенде оны басқамен көрген. Бұған дейін де жиі ұрсысатын”, - деп жазды ол. 


Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 3 шілдеде 102 пультіне тұрғын үйдің жоғарғы қабатының терезесінен мейрамхананың мүлкіне зиян келтіретін тұрмыстық заттардың лақтырылып жатқаны туралы хабарлама келіп түскенін айтты.


"Бұл факт бойынша 25 жастағы қыз ұсталып, тексеруден кейін қалалық психикалық денсаулық орталығының жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Медициналық тексеруден кейін құқықтық баға беріледі", – деп түсіндірді ПД.