Тоқаевтың сынынан кейін QAZAVTOJOL филиалының директоры қызметінен босатылды

283

Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты "QAZAVTOJOL "ҰК" АҚ мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін "QAZAVTOJOL "ҰК" АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін аталған себептерге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын.


Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеген еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.