Тегін 12 мұз айдыны ашылады
Барлық ниет білдіруші қаланың әртүрлі ауданында орналасқан алаңдарда мұзда сырғанай алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мұз айдындарының мекенжайлары:
Республика сарайының алдындағы Абай алаңы;
Halyk Arena;
28 панфиловшылар саябақ;
Тұңғыш Президент саябағы;
Наурызбай әкімдігінің алдындағы алаң;
ҚБТУ тұрағы;
"Авиатор" стадионы;
Көкжиек ықшамауданы;
"Гүлдер" саябағы;
Алматы Арена;
№6 оқушылар үйі;
Ғ.Мүсірепов атындағы БЖТ алдында.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, мұз айдындарының ауданы 500-ден 1900 м2-ге дейін, бір маусымда 300 мыңнан астам адамды қабылдай алады.
Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Жалға алу құны сеанс үшін 1,5 мың теңге (2 сағат), жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 23:00-ге дейін. Өз конькиімен келгендер үшін сырғанау тегін.