Қармақшы ауданы қарқынды дамып келеді
Дүниенің төрт бұрышы мен ғарыштық кеңістікті ұштастырып жатқан, барша түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт баба мәңгілік қоныс тапқан, жүз шайыр мекені болған қасиетті Қармақшы ауданы жылдан-жылға дамып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Аудан халқының әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесінде аудан экономикасының көптеген саласында макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша биыл жалпы көлемі 25 731 гектар алаңға егіс орналастырылды. Оның ішінде, күріш көлемі 13 000 гектар болып, Сырдария өзеніндегі су көлемінің азаюына байланысты өткен жылмен салыстырғанда 770 гектарға қысқарды.
Облыс басшылығы су жетіспеушілігі мәселесін оңтайлы шешуге ықпал жасап, әрбір шаруашылықтың қажетті көлемде су алуына жағдай жасалынуда. Ендігі кезекте, диқандар су көлемінің аздығы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қиындықтарды бірге еңсеріп, егіске уақытылы күтім жасап, өнімін алғанға дейін аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз.
Ауыл шаруашылығымен қатар, кәсіпкерлік саласының да маңыздылығы жоғары. 2024 жылдың 1 мамырына аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны
3578 бірлікті құрады. Жыл басынан бері мемлекеттік қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде 35 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жататын азаматтардың бизнес идеяларын іске асыру шеңберінде 186 жобаға гранттары берілетін болады.
Өткен жылдың қараша айында «Қармақшы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасы іске қосылды. 2024 жылдың мамырында Жосалы кентінде «АНК-Даулет» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің газоблок өндіретін шағын зауыты іске қосылды. Шағын зауыт тәулігіне 30 м/куб газоблок өндіруде.
Биылғы жыл жақсы спорттық жетістіктерге толы жыл болды. Аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 7 алтын, 12 күміс, 16 қола медаль иеленсе, Азия чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді қанжығаға байлады.
– Осы жылы Ақтауда өткен самбодан Азия чемпионатында жерлесіміз Әсемай Рүстемова жеңімпаз атанса, Ұлтай Сейілова қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, гір тасын көтеруден Тайвань қаласында өткен Азия Чемпионатында Еркебұлан Кәжденбек (Қуаңдария ауылы) І орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Аудан спортшылары алдағы уақыттарда да үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін.
Бүгінгі күні ауданда бірқатар жобалар іске асырылуда және алдағы жоспарымыз да айқын. Жүргізіліп жатқан жобалар нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды салу, ауыз сумен қамтамасыз ету, электр беру желілерді қайта жаңғырту және газбен қамту мәселелері шешілетін болады, – дейді Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы.
Өткен жылы Жосалы кентінде халықтың әлеуметтік осал топтарына және кезектілікте тұрған азаматтарға тұрғын үй қорынан үй сатып алуға қаржы бөлініп, 51 пәтер сатып алынып, ел егілігіне пайдалануға берілді. Биылғы жылы бұл жұмыстарға қаржы бөлініп отыр. Оған 100 пәтер сатып алынып, пайдалануға беріледі. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Төретам және Ақай елді мекенін газбен қамтамасыз ету мақсатында (2022-2024 жылдары) құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, Ақай ауылы табиғи газға қосылды. Төретам кенті бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру және қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша тұрғындарды газбен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауыл ішілік газ желісінің құрылысына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Дүр Оңғар ауылына газ жеткізілген жағдайда сол аймақтағы басқа да елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасатын болады.
Бұдан бөлек, Жосалы кентінде жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысы жүргізілуде.
Электр желілерді қайта жаңғырту – бүгінгі күнге өзекті мәселелердің бірі. Себебі аудан бойынша электр желілерінің тозығы жеткен. Биыл Көмекбаев ауылына және Ақтөбе ауылына қаржы бөлініп, электр беру желілері қайта жаңғыртылуда. Ал, Иіркөл ауылы бойынша, қазіргі уақытта демеушілік есебінен жобалау сметалық құжаттары қайта әзірленуде. Жыл аяғына дейін жөндеу жұмыстары аяқталатын болады.
Аудандық бюджеттен Ақжар, ІІІ Интернационал, Алдашбай ахун, Қармақшы ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім өткізілді. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен Дүр Оңғар ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленсе, Тұрмағамбет ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттар әзірленуде. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақай, Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында дене шынықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджет қаражаты есебінен 2024 жылы Жосалы кентінде 2 балалар ойын және футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. Алдашбай ахун ауылында балалар және спорттық ойын алаңы орналастырылды. Ал Көмекбаев, Куаңдария ауылдарында балалар және спорттық ойын алаңындары орнатылуда. Осы жылы аймақ басшысының қолдауымен музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер үйі мен жастар орталығы, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи, мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталығының» құрылысы жүргізілуде. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда инфрақұрылым саласын дамыту үшін, атап айтқанда жол жөндеу, көше жарығы, аяқ сумен қамту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылды. Атап айтатын болсақ, «Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының облыстық бюджет қаражаты есебінен 27 шақырымына орташа жөндеу жұмысы басталып, 2023 жылға жоспарлаған 11 шақырым жолды жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 2024 жылы қалған 16 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні жол жиектеріне тас төсеу, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен аудандық маңызы бар «Қызылтам елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталып, 4,6 шақырым автомобиль жолына асфальт төселді. Бұл жол бойынша да жол белгілерін орнату, жол жиектеріне тас төсеу секілді жұмыстары жүруде, – дейді аудан басшысы.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылы аудан бойынша жалпы 9 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, оның ішінде Ақжар ауылының 1 көшесіне, Тұрмағамбет ауылының 5 көшесіне, Жосалы кентінің 1 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Төретам кентінің 3 көшесіне, Жосалы кентінің 1 көшесін орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып отыр.
Аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы кентінде Тоғанас батыр, Меңей батыр, Кішенов, Әділова көшелерін орташа жөндеуге де қаржы қаралған. Жосалы кентінің көшелерінің автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен қаралып, алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар Ақай ауылындағы 5 көшеге орташа жөндеу жүргізу үшін, Жосалы кентінің 20 көшесіне және Ақай ауылының 21 көшесіне қиыршық тас жолдарын салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да жүргізілуде. Аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы кентіндегі көше жарықтары бағаналарына декоративті безендіру жарықтарын орнату жұмыстары, Жосалы кентінің 4 көшесін жарықтандыруға, Көмекбаев, Иіркөл, Төребай би ауылдарының 1 көшесіне жарықтандыру жұмыстарына қаржы қаралып отыр.
Аудандық бюджет қаражаты есебінен бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, ауданның 5 елді мекені Алдашбай ахун, Дауылкөл, Қармақшы, Қуаңдария, Ақжар ауылдарының төлқұжаттарын жаңартуға қаржы қаралып, паспорттар орнатылды. Ендігі кезекте Жосалы кентінің кіреберісінде төлкұжатын орналастыру үшін қаржы қаралып, алдағы уақытта паспорт орнату жұмыстары жүргізіледі.
Қ.Жолдыбаев көшесінің Е.Көшербаев пен А.Құнанбаев көшелері аралығын абаттандыру жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Т.Рысқұлов көшесінің Е.Көшербаев көшесінен «Сырдария» өзеніне дейінгі бөлігіне тас төсеніштен жаяу жүргінші жолын салуға қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы басталған Шығыс каналы жағасын абаттандыру жұмыстарын аяқтауға, А.Құнанбаев көшесінің кіреберіс бөлігін және І.Мүсірбаев көшесінің бойын абаттандыруға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Төретам кентінде автобустық 10 аялдама орнату жұмыстарына, Қармақшы ауылындағы «Жеңіс» бағын қоршау жұмыстарына, Қуаңдария ауылындағы орталық алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстарына және Бәйтерек көшесі бойында орналасқан әкімшілік ғимарат ауласына қоршау жұмыстарына, Алдашбай ахун ауылдық округін абаттандыру мақсатында «Тағзым алаңын» орнату жұмыстарына және Алдашбай ахун ауылдық округін абаттандыру мақсатында кіреберіс арканы ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
Жосалы кентінің тұрғындары үшін өзекті мәселе Д.Мырзағалиева көшесіндегі темір жол өткелі құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылды. Болжамды жоба құны айқындалған уақытта республикалық бюджеттен құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне өтінімдер жолданатын болады.
Денсаулық сақтау саласына келсек, өткен жылы Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді. Ал, биылғы жылы Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттердің құрылысы басталады. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аталған нысанды сыртқы инженерлік құрылымдар бойынша Қармақшы және Қуандария ауылына қаржы бөлінген.
Білім саласында №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты спорт залының құрылысы жүргізілуде. Заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2024-2025 жылдар аралығында Жосалы кентінде және ІІІ Интернационал ауылында мектеп ғимараттарының құрылысы басталады.
Бюджет қаражатынан атқарылатын жұмыстардан бөлек, тазалық жұмыстары да жүргізілуде. Тазалық жұмыстарымен жалпы ел болып айналысуымыз қажет. Сол үшін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды. Осыған сәйкес, санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыруға бағытталған 5 апталық өтізілді.
Нақтылай кетсек, «Таза өлке» апталығында 1 754 тұрғын үй мен мекемелердің ғимараттары әктеліп, 13 580 метр темір шарбақ сырланды және 120 шақырым аяқ су арықтары мен су өтетін трубалар тазаланды.
«Киелі мекен» апталығында 26 тарихи-мәдени ескерткіш пен қорымның аумағына абаттандыру мен тазалық жұмыстары жүргізілді. «Жасыл өлке» апталығында 14 606 түп әртүрлі ағаш көшеті отырғызылып, 15 870 ағаш түбі әктелді. «Өнегелі ұрпақ» апталығында 64 жалғызбасты жағдайы төмен ардагер мен қарияның үйіне көмек көрсетілді. «Мөлдір бұлақ» апталығында «Сырдария» өзенінің жағалауы мен кент, ауылдық округтерге аяқ су жеткізетін каналдардың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Аталған апталықтарға аудан көлемінде орналасқан барлық мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындарын қоса алғанда, барлығы 6000-ға жуық адам, 35 техника жұмылдырылып, 375 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен бірге, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде санитарлық тазалыққа бағытталған сенбілік жұмыстары жыл көлемінде ұйымдастырылатын болады.
Алдағы кезеңдерде Президент Жолдауын, мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, облыс әкімінің іс-қимыл жоспарын назарға ала отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыра беретін болады.