Лифттегі қорқынышты пранктан кейін қазақстандық жігіт әлі де өз-өзіне келе алмай жүр

1 602

Коллаж: видеодан скриншотҚазақстандық Еркебұлан Жексенбеков лифт ішінде түсірілген қорқынышты пранктің құрбаны болып, содан бері психологиялық соққыдан арыла алмай жүргенін айтты. Оның сөзінше, оқиғадан кейін біраз уақыт өтсе де, лифтке мінуге қорқып қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Еркебұлан сол күні қонақтан үйіне оралып, лифтке мінген сәтте қолында моторлы ара ұстаған адам мен жарақат алған кейіп танытқан басқа бір адам кіріп келген. Бір сәтте арасы бар адам оған қарай ұмтылғандай болған.

«Бензопиланы көргенде, не болып жатқанын түсінбей қалдым. Ара қосылған кезде ішінен май шашырап, киімім былғанып кетті. Қатты қорықтым, екі күн бойы өз-өзіме келе алмадым. Содан бері лифтке кірмей, тек баспалдақпен жүремін. Менің орнымда жүрегі әлсіз адам болса, мұның соңы қайғылы аяқталуы да мүмкін еді», – дейді Еркебұлан.

Полицияның мәліметінше, пранкты ұйымдастырған адам бұрын да осындай әрекеттері үшін екі рет әкімшілік қамауға алынған. Құзырлы органдар желіде осы тектес даулы «әзілдердің» көбейіп бара жатқанын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Психолог Алтыншаш Матаева мұндай пранктардың адам психикасына ауыр әсер ететінін атап өтті:

«Бізге осындай оқиғалардан кейін көмек сұрап келген адамдар болды. Олар қорқыныш ұстамаларына, ұйқы мен тәбеттің жоғалуына шағымданады. Мұндай жағдайдан шығу үшін 5–6 психотерапиялық кездесу қажет болады», – дейді маман.

Осы оқиғадан кейін парламент депутаттары да мәселені көтеріп, қоғамда резонанс тудырған пранктардың авторларына қатысты жауапкершілікті қатаңдату қажет екенін айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.