Байқоңырдағы Ресейдің соғыс акциясына қазақ оқушылары тартылды

403
Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасынан ұзақ уақытқа жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағында көрші елдің Украинаға қарсы ашқан соғысын қолдаған акция өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы “Роскосмос” мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин жазды. Ол көліктер "Z", ал адамдар "V" әрпін бейнелеген шарада ту ұстаған балаларды “Байқоңырдың болашағы” деп атады.

Осы орайда тиісті қадам қазақстандық желі қолданушылардың ашу-ызасын туғызды. Мәселен Мұрат Балабай есімді азамат Конституцияға сәйкес, елімізде соғысты насихаттауға жол берілмеуі керектігін, оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын келтірді.

“Ең жаманы, акцияға 10-11 сынып және Байқоңыр электр-радиотехника техникумының кәмелет жасқа толмаған оқушылары тартылған”, – деп наразылығын жеткізген ол ата-аналардың алаңдағы шараның нақты мазмұнын білмегенін атап өтіп, құзырлы орындардан істің мән-жайын анықтауды талап етті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.