"Тауқыметті көтере алмаймын". Трансгендер Айя қатты күйзелісте жүргенін айтты

520
Белгілі трансгендер Айя отбасындағы қиындықтарын баяндап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К агенттігіне сілтеме жасап.


instagram.com/a.s.k.i.m_19


Трансгендердің айтуынша, оның туған әпкесі қатты ауырып, ауруханаға түсіп қалған. Сол жағдайдан кейін Айя қатты күйзеліске түскен көрінеді. Ол әпкесінің соңғы арманын орындау үшін түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған.

"Менің соңғы арманым барлық бауырларымды бір дастархан басына жинау" деп жазыпты әпкем. Айтылған сөз-атылған оқпен тең. Осы сөздер әлі ойымнан кетер емес. Бұл тауқыметті жеңіп шығып, әпкемнің арманын орындау үшін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым. Дегенмен, отандық медицинаның арқасында барлығы қалпына келеді деген сенімдемін", — дейді Айя.



Трансгендер Айя қатты күйзелісте жүргенін айтты / instagram.com/a.s.k.i.m_19
Трансгендер Айя қатты күйзелісте жүргенін айтты / instagram.com/a.s.k.i.m_19

Айяның айтуынша, оны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген осы өзінен үлкен әпкесі екен. Ол ата-ананың мейірімін, қамқорын көрмей өскенін жасырмайды.