23 жастағы қыз бесінші қабаттан су ағатын құбыр арқылы түспек болып, көз жұмды

370
Қостанайда 23 жастағы қыз биіктен құлап кетіп, қаза болды - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай қаласы полиция басқармасына 30 қараша күні таңғы сағат 05:20 шамасында қоңырау түскен.

Тәртіп сақшылары алдын ала тергеу барысында 23 жастағы қыз бесінші қабаттан су ағатын құбыр арқылы түспек болғанын анықтады. Алайда аяғы тайып, құлап кеткен.

Қала тұрғыны жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған.

"Қазіргі уақытта болған жайттың мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.