Өзбекстанда ауған әскери ұшағы апатқа ұшырады - БАҚ

267
Өзбекстанда ауған әскери ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, ұшақ 15 тамызда кешке Ауғанстанға іргелес Өзбекстанның Сурхандария провинциясында құлаған.

Газета.uz порталындағы хабарламаға сәйкес, ұшақтың бортында болған екі ауған әскері Термез ауруханасына жатқызылды. Порталдың дереккөздері оқиғадан бір күн бұрын Ауғанстанның тағы үш әскери қызметшісі осы медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.

Әскери қызметкерлер кеуде тұсынан жарақаттанып, миы шайқалып ауруханаға жеткізілгені көрсетілген. Расталмаған ақпарат бойынша, ұшақтағылар парашютпен секіріп үлгерген.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі апат туралы хабарламаларды зерттеп жатқанын айтты. Reuters агенттігінің тілшілері түсініктеме алу үшін Өзбекстан билігімен байланыса алмады.

Еске салайық, "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) Кабулға кіріп, Ауғанстанның барлық аумағын бақылауға алғанын жариялады. Ауғанстандағы тұрақсыздық АҚШ әкімшілігінің 11 қыркүйекке дейін ауған жерінен әскерлерді шығаруды аяқтау туралы уәделері аясында күшейе түсті.

Сондай-ақ, тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алды, ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.