Қармақшылық жас кондитерлік өнім әзірлеуді кәсіп етуде
124
Қармақшылық жас кондитерлік өнім әзірлеуді кәсіп етуде,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кәсіп ету үшін адамға бірқатар қабілет керек. Соның бірі – ұйымдастыру, іздену. Айтпақшы, бұл тұрғыда бастағалы отырған кәсіпті дұрыс таңдай білу де, нарық экономикасын жан-жақты зерттеу мен тұтынушының өнімге деген сұранысын бажайлау да маңызды екенін естен шығармаған абзал. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекет тарапынан да біршама бағдарлама жүзеге асуда.
Ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң – еліңнің туын көкке көтере аласың. Қажеттілігіңді өтей аласың. Бастысы – талмай-тынбай еңбек еткеніңнің жемісін көру. Сүйікті кәсібіңнен рахат алу. Ал мұндай жандар біздің де арамызда бар. Асылында, аудандық, ауылдық жерлерде кәсіп ашып, мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланғанның қатары артқан. Солардың бірі – қармақшылық Мөлдір Серікбаева.
Иә, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақылдың астарында терең мән бар. Бүгінде еңбек етемін, нәпақа табамын деген адамға жұмыстың түрі көп. Былайша айтқанда, екі қолға бір күрек табылады. Бұрынғыдай «Қолыңда бір жапырақ қағазың болмаса, еш жерге ілінбейсің» дейтіндей уайым жоқ. Әрине, ол өмірлік жолдаманың орны бөлек. Десе де, еңбек етемін деген адамға табыстың сан жолы бар. Мемлекет тарапынан қолдауға арналған бағдарламалар да жетерлік. Осы ретте, кәсіпкерлік саласындағы табысты әрі үнемі қажеттілік туындайтын түрі – кондитерлік өнімдер.
Бір қызығы, әлемде адамзаттың 70 пайыздан астамы, тіл үйірер тәттілерден бас тарта алмайды екен. Өзіміз де, басқалар да бала кезден тәттіге құмартып өстік. Әлі де болса «Тортпен шай ішейікші» деп түрлі дәмдімен қоюлап шай ішкенді құп көреміз. Сондықтан, кондитерлік шағын кәсіп түрі болғанымен, қазіргі таңда халық арасында үйде пісірілген тәтті тағамдар сұранысқа ие. Себебі ерекше дәмді тағамдарды пісірумен қатар оны безендірудің өзі бір өнердің түрі болып отыр.
Мөлдір Серікбаева осындай тәтті тағамдарды кәсібіне айналдырып отырған жанның бірі. Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі №26 мектепте тәлім алып, «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша алдымен орта, кейіннен жоғары білімді игерген. Уақыт өте ол тұрмыс құрған соң балалық шақтағы қызығушылығын іске асырып, кәсіпке жол бастайды.
Бүгінде жас кондитер заманауи торттардың барлық түрін әзірлеп, тәтті бәліштер, трайфл, эклер сынды шәйға арналған тәттілерге тапсырыс қабылдайды. Бағалары да қолжетімді. Хоббиі кәсібіне айналған келіншек тәттілерді қазіргі дамыған заманда әлеуметтік желідегі онлайн шеберлік сағаттарынан үйренген екен. Мұның өзі іс бастаймын деген жанға ешнәрсенің кедергі бола алмайтынын көрсетеді.
Иә, бармағынан бал тамған кәсіпкер елдің алғысымен алға жүріп, ойға алған ісін дөңгелетіп келеді. Бастысы адал еңбек, таза маңдай термен табыс тауып келеді. Бұл қатарластарының біршамасына үлгі, кәсіп бастауға бата алмай жүргендерге көрнекі мысал. Қазекем «Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті» деп бекер айтпаған ғой. Ерінбей еңбек етемін деген адамға табыс көзі де, мүмкіндік те жетерлік. Тек жоғарыдағы кәсіпкер секілді алған бетінен таймай, жалқаулықтан бойын аулақ ұстап, кедергілерге қарамай, тынбай тіршілік етсе дейсің. Естен шығармаған жөн, бастысы тәуекел ету мен талаптану болса болғаны.
Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауданда кәсіпкерлік кең қанат жаюда. Солай кәсіпке ынталы азаматтардың күн санап қатары артуда. Әрине, бұл өз кезегінде өңір экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.

«Қыз баласы болғандықтан ас үй жұмыстарына қызығушылық кішкентайымнан пайда болды. Ең бірінші отбасыма тәтті тағамдарды пісіруден басталған болатын. Негізінен мен табыс табамын деп емес, өзіме хобби ретінде айналысатынмын. Ең алғаш келін болып түскеннен кейін, әр нәрсені бір пісіріп көретінмін. Осыны аңғарған жолдасым өз кәсібімді ашып көруге ой тастады. Қолдау болса неге жасап көрмеске деп мен де белсене кірістім. Осылайша өткен жылдың желтоқсан айында бірінші отбасымның, екінші мемлекеттің қолдауының арқасында қайтарымсыз грант иегері атандым. Қаңтар айынан бастап кәсіпкер ретінде түрлі тәттілерді тұрғындарға ұсынып келемін» дейді кәсіп иесі.
Бүгінде жас кондитер заманауи торттардың барлық түрін әзірлеп, тәтті бәліштер, трайфл, эклер сынды шәйға арналған тәттілерге тапсырыс қабылдайды. Бағалары да қолжетімді. Хоббиі кәсібіне айналған келіншек тәттілерді қазіргі дамыған заманда әлеуметтік желідегі онлайн шеберлік сағаттарынан үйренген екен. Мұның өзі іс бастаймын деген жанға ешнәрсенің кедергі бола алмайтынын көрсетеді.
«Мен барлық тәтті түрін тек тапсырыспен жасаймын. Осылайша тұрғындарға әрдайым балғын өнім ұсынамын. Бізге ең қажеттісі – ол уақыт. Тұтынушылардың басым көпшілігі қазір тапсырыс беріп, 1-2 сағатта дайын болғанын қалайды. Алайда, әр тәттінің дайындалу әдісі әртүрлі. Әрқайсысына жеке бап керек. Сондықтан тұтынушыларға тапсырысты мейлінше ертерек беру қажеттігін үнемі айтып отырамын. Кәсіпті енді бастағаныма қарамастан, алғыс айтушылар, тұрақты тұтынушыға айналғандар да бар. Олардан естіген әрбір алғыс мені алға жетелеп, кәсібіме деген сүйіспеншілігімді арттыра түседі. Болашақта осы кәсібімді одан әрі дамытып, жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамти алатындай дәрежеге жеткім келеді» дейді кәсібінің нәсібін көріп отырған Мөлдір Оразбекқызы.