Тойға шақырусыз келген бойжеткен күйеу жігітке тұрмысқа шығып алды

267
Индонезия тұрғыны тойға шақырусыз келіп, бұрынғы жігітінен оны екінші әйелі етуді талап етті. Күйеу жігіт талапты орындап, бірден екі әйелге үйленген.

Белгілі болғандай, 21 жастағы Рури есімді бойжеткен Корик есімді бұрынғы жігітінің өзге аруға үйленіп жатқанын әлеуметтік желіден біліп қойған. Желідегі ортақ достары Корикке Рури тұрмысқа шығып жатыр деген оймен шатасып, оны құттықтаған көрінеді. Нәтижесінде бойжеткен дереу ақ көйлек киіп, тойға шақырусыз келіп алады. Рури алаңсыз той жасап жатқан бұрынғы жігітінен оны екінші әйелі етіп алуды талап етеді.
Корик 2016 жылы көңіл жарастырып, кейін айырылысып кеткен Руридің өтінішін жерге тастамай, бұл ұсынысты сол мезетте отбасымен ақылдаса отырып қабылдауды ұйғарады.
 
Ол бірден екі қалыңдыққа үйленуді шешіп, екеуі үшін де қалым төлейді. "Екі қалыңдыққа берілген қалым іс жүзінде бірдей және 1,75 миллион индонезиялық рупийді (8,8 мың рубль) құрайды", - деді Корик. Күйеу жігіт екі қалыңдыққа бірден үйлену туралы шешім оңай болмағанын алға тартып отыр. Айтуынша, ол қазір жұмыссыз және бұл жайттан кейін екі әйелін бірдей асырауға мәжбүр.