Әкімдік жол белгілерін тал сияқты "егіп" тастапты
Атырау маңында орналасқан Еркінқала-2 елді мекеніндегі әр қадам сайын тұрғызылған жаяу жүргіншілер өткелі бар көшенің видеосы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік өкілдерінің сөзінше, бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Ұзындығы 1 километрден аспайтын Есмахан көшесінде 20-дан астам жаяу жүргіншілер өткелінің белгісі орнатылған. Тұрғындар бұл жерді тіпті "Пешеходный" деп атап кеткен. Бірақ олардың айтуынша, бұл белгілердің саны бар да, сапасы жоқ көрінеді.
Қалалық әкімдіктің мамандарынының сөзінше, бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Жоба мемлекеттік сараптамадан өткен, көшені белгілермен жабдықтау жұмысы әлі аяқталмаған.
О.Есмахан көшесін жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжат 2018 жылы жасақталып, жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ал желі қолданушылары бұл көше туралы түрлі пікір жазып қалдырған.