Суға батып кеткен журналистің мәйіті бес күннен соң табылды

303

Ақмола облысында суға батып кеткен журналистің мәйіті бес күннен соң табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


"Ақмолалық құтқарушылар 5 күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлерге қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді", – деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, қайғылы жағдай шілденің 19-ында болған еді. Суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап кеткен.