Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде ауыр жағдай туралы жазды

1 539

Фото: © sn.kzЗаңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жағдайды жариялап, Шымкент қаласының полициясынан заң аясында тиісті шара қабылдауды сұраған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мереке күні күйеуі әйелін аяусыз ұрып-соғып, салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Заңгер бұл жағдайға байланысты қоғам назарын аударып, былай деп жазған:

«Менің таңым кейде осылай атады… Басқа елдерде мереке күні әйелдер гүл алып қуанып жатса, маған көмек сұрап хабарласады.
Мына әйелді күйеуі дәл мереке күні аяусыз ұрып-соғып, Роща ауруханасына түсіріпті.
Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан үшін күресіп жүрген нәзік жанды ретінде, Шымкент қаласының полициясынан осы іс бойынша заң аясында тиісті шара қабылдауларыңызды сұраймын.
Өкінішке қарай, мереке күні гүл емес, жұдырық алып жатқан әйелдер де бар. Бұл — қоғам үшін өте ауыр шындық.
Халықаралық мереке құтты болсын!», - деп жазды ол. 

Заңгер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамда әлі де өзекті екенін айтып, мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырды. Оның жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.